Алты жасар Мұхаммедті ұрлап кеткен әйел Алматыға психиатриялық сараптамаға жіберілді

Оңтүстікте алты жасар Мұхаммедті ұрлап кеткен әйел психиатрлық ауруханаға жатқызылды. Сонда ол арнайы сараптамадан өтеді. Облыстық ішкі істер департаментіне қарасты тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Тофик Азадов 60 жастағы әйелге қатысты сот-психологиялық-психиатрлық сараптаманың тағайындалғанын айтып берді. Дереккөз: Отырар

0
Мұхаммед Қамшыбек

Күдікті әйел бұл іске балаларды жақсы көргендіктен барғанын айтып отыр.

Еске салайық, Мұхаммед Қамшыбек 20 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен еді. Баланы Амангелді ауылындағы мектептен үйіне қарай кетіп бара жатқан жерінен алып кеткен.

Осыдан кейін оны ешкім де көрмеген. Куәгерлер оны 50-55 жас шамасындағы әйелдің алып кеткенін айтып берген еді. Полицейлер оның фотороботын жасады. Кейін ол бірнеше күт өткеннен кейін Арыс қаласынан табылды.

Осыдан кейін бала ұрлаған әйел бұған дейін де бала ұрлағанын мойындады. «Біздің облыстағы сараптама кезінде тексеруші мамандардың алдына қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алынған жоқ. Біздің мамандар бұл әйелді Алматыдағы арнайы орында емдеуге жатқызып, тексеру керек деді. Сол үшін күдікті әйел 28 наурыз күні тергеу басқармасынан Алматыға жөнелтілді. Қазір сонда қамауда жатыр. Егер оның өз әрекетіне жауап бере алмайтыны анықталса, күштеп емдеуге жіберіледі. Ал ақыл-есі дұрыс болса, іс отқа жіберіледі» деді тергеу басқармасының өкілі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу