ҚММУ оқытушылары Швецияда тағылымдамадан өтеді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртановтың Швецияға барған жұмыс сапары аясында Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті (әрі қарай - ҚММУ) мен Лунд Университетінің Таяу шығыс елдерін зерттеу орталығы арасында «Биология» бағыты бойынша Split-PhD бағдарламасын іске асыру келісіміне қол қойылды.

0
Болашақ дәрігер студенттер

Аталған келісім ҚММУ оқытушыларының біліктілігін арттыруға, тағылымдамадан өтуге, ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға, және «Болашақ» бағдарламасы бойынша серіктес ЖОО базасында PhD докторантураға түсуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, келісім онкологиялық жасушаларды зерделеу саласында зерттеу жүргізуді, ісікке қарсы препараттарды іздеу, сондай-ақ, жүрек-қантамырларының ауруларын емдеуде бағаналы жасушаларды қолдану мүмкіндігін қарастырады.

Елжан Біртанов Лунд Университетінің Вице-канцлері, профессор Ева Вибергпен ЖОО арасындағы ынтымақтастық пен өзара серіктестік туралы Меморандумға қол қою мәселелерін тақылады.

Вице-министр Медицина факультеті деканының халықаралық ынтымақтастық бойынша орынбасары Карин Фриденлундпен білім беру бағдарламалары, студенттермен және оқытушылармен өзара алмасу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар, Елжан Біртанов «Pfizer H.C.P. Corporation» (Швейцария) компаниясының өкілдерімен кездесті. Шара барысында Орталық және Шығыс Еуропа елдері бойынша Жаһандық инновациялық өнімдер бағыты жөніндегі Вице-президент Анжела Лукин және Каукар, Израиль, Туркия мен Балқан аймақтары бойынша вакциналау бағытының жетекшісі Айлин Тузельмен Денсаулық сақтау саласын дамытудың “Денсаулық” 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында серіктестік мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.

Сонымен бірге, вакциналауды бақылаудың электрондық жүйесін жасау мен енгізу және Қазақстанда вакциналарды сақтау мен иммунобиологиялық препараттарды тасымалдау кезінде «салқындату тізбегін» құру, оның ішінде аталған жобаларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асыру бойынша өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Өзара түсінісу меморандумын жасау сұрақтары қарастырылды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу