Бауыржан Байбектің Алматыға әкім болғанына 100 күн толды

Бауыржан Байбектің Алматы қаласының әкімі болып тағайындалғанына 100 күн толды. Қызметке келген күннен бастап жұрттың назары жаңа басшыға ауған еді.

Дереккөз: nur.kz
1

Жүз күнде талай жүздесу өтті, біраз істің басы қайырылды. Қала әкімінің 3 айда атқарған шаруасын сарапшылар тізіп берді.

Елбасы өзі келіп, Алматының әкіміне арнайы тағайындаған Бауыржан Байбектің әр ісі алматылықтар назарынан тыс қалмады. Жаңа әкімнің 3 айда атқарған шаруасы шаш етектен.

Орынтаққа отырған күннен бастап-ақ қаланың сүт кенжесі Наурызбай ауданында селден жапа шеккендердің ісін қолға алды. Тұрғындардың арызы бойынша әлеуметтік мәселелер майшаммен қаралды. Ауруханада талай жыл ескерілмей келген санитарлық жағдай мен адамдарға әр алуан қарайтын ақ халаттылардың салғырттығына нүкте қойды.

Бірақ Бауыржан Байбек қала экономикасының 30 пайызын беретін кәсіпкерлерді ұмытқан жоқ. Әр кәсіпорынның жұмысымен жеке барып танысты.

«Әкім кәсіпорындарға, базарға өте белсенді барады. Олардың жұмысын жіті бақылайды. Елбасы тапсырғандай, орта және шағын кәсіпкерліктің дамуына барынша ықпал жасауда»,- деді саясаттанушы Уәлихан Төлешов.

Жастардың дені спортпен шұғылдануға әуестене бастады. Өйткені Бауыржан Байбектің бастамасымен жеке кәсіпкерлер мектеп ауласы мен тұрғын үйлер маңайына спорт алаңдарын салуда. Мұның жалпы саны жыл соңына дейін 16-ға жетуі тиіс.

Ал, қоғамдық көліктің қадірі артты. Жолаушылар тиын санап емес, электронды билет жүйесіне көшті. Сондай-ақ көлік кептелісін сейілтудің жаңа әдістемелері жасалып, жолайрықтардың құрылысы жалғасуда. Алдағы бірнеше жылда Алматының ішінде жеңіл рельсті көлік зулайтын болады.

Сарапшылар қала әкіміне алматылықтардың әлеуметтік желі арқылы ұсыныс-талаптарын айтатыны жақсы бастама деп салды. Жаңа әкім Алматының дамуы үшін бюджетті 30 млрд тенгеге дейін қысқарту мәселесін қайта қарады.

«Бұл дағдарыс кезінде артық шығындарды азайтып, маңызы бар жобаларды жетілдірудің амалы»,- дейді саясаттанушылар.

«Ол – президенттің қасында өсіп-өнген жігіт. Президенттің саяси тәжірибесін қабылдаған жігіт. Жақсы жағы –  шетелде оқыды. Шетелдің тәжірибесін көрді. Елбасы Алматы әкімі лауазымын ұсынған кезде сол жағының барлығын ескеріп, саяси эксперимент деп айтуға болады»,- деді саясаттанушы Айдар Әміребаев.

Ел бастаған жігітті ел қолдаса игі деді білетіндер. Алматылықтар қазірде асыра мақтаусыз 100 күн қызмет қылған әкімнің ертеңіне үмітпен қарайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

1 пікір

  1. Қаламызды жаңбырдан соң пайда пайда болған саңыраукұлактай өркендетіп, заманауи технология енгизип жаткан улесыне алғысымыз шексіз. Әкімімізді қазақтың мыңнан біртуар азаматы деп санаймын.Тек қана алға! =)

Пікір қосу