Павлодар қаласының әкімі болып Нұржан Әшімбетов тағайындалды

Бүгін облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Нұржан Әшімбетов Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Дереккөз: pavlodarnews.kz
0
Нұржан Әшімбетов

Аймақ басшысы Болат Бақауов Нұржан Әшімбетовке өңірдің ауыл шаруашылығы саласының дамуына қосқан зор үлесіне ризашылығын білдіріп, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Нұржан Әшімбетов — 1969 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Черное ауылында туған. Зооинженер мамандығы бойынша Алма-Ата зооветеринарлық институтын және бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын Мемлекеттік мүлік жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің маманы болып бастап, кейін халықаралық даму жөніндегі америкалық агенттігіне қарасты «Карана» корпорациясының кеңесшісі қызметін атқарады.

1997-1999 жылдар аралығында — Лебяжі ауданындағы өндірістік кооператив төрағасы, агрофирма директоры; 1999-2008 жылдар аралығында – Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, Лебяжі ауданының әкімі, Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының бастығы; 2008-2009 жылдары – Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы; 2009-2012 жылдары Петропавл қаласының әкімі қызметін атқарды.

2012 жылғы 1 ақпанда Павлодар обылыс әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу