Сауд Арабиясының компаниялары Алматыдағы бизнеске инвестиция салуға ниет білдірді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек халықаралық ынтымақтастық аясында «Al Muhaidib Group» холдингінің президенті Сулейман Әл-Мухайдиб бастаған Сауд Арабиясының бизнес- делегациясын қабылдады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Бауыржан Байбек

Шетелдік бизнес қауымдастық өкілдері Алматыда тамақ өнеркәсібін, логистика, құрылыс және энергетика саласын дамытуға өз үлестерін қосуға ынталы екендіктерін білдірді.

Бүгіні күні қалада біріккен 6 және  Сауд Арабиясы капиталымен жұмыс істейтін 19 кәсіпорын тіркелген.

«Алматыда инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғаны қуантады. Алматы — Ұлы Жібек жолының «жұмағы», ірі мүмкіндіктерге жол ашатын қақпа», — деді Сулейман Әл-Мухайдиб.

Холдинг президенті Алматының үлкен әлеуетін, ортаазиялық өңірдегі ірі қаржы орталығы, мәдени және инновациялық хаб пен Универсиада-2017-нің астанасы екендігін де айтты.

Қала басшысы Алматыда инновация мен жаңа технологияның тұрақты дамып келе жатқандығын жеткізді. Бауыржан Байбек қонақтардың назарын түрлі жобаларға қатысуға аударды.

«Қалада «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы мен индустриалды аймақ бар, біз бұлардағы инфрақұрылымдар құрылыстарын аяқтап қалдық. Сіздерді сол жерлерде өз өндірістеріңізді ашуға шақырамыз. Бұдан өзге қалада «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» жұмыс істейді. Біз өзара ынтымақтастықты дамытатынымызға сенімдімін», — деді әкім.

Кездесу соңында қала басшысы делегацияны Алматының 1000 жылдығын мерекелеуге шақырды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу