Асылы Осман: Үш тілге емес, тек қазақ тіліне ғана “тұғыр” сөзін қолдану керек

Үш тілге емес, тек қазақ тіліне ғана "тұғыр" сөзін қолдану керек. АҚШ-тың өмірбаяндық халықаралық зерттеу институтының “Әлемдегі 2004 жылдың ең таңдаулы әйелі” атағына ие болған белгілі қоғам қайраткері Асылы Осман осылай деді. Дереккөз: НұрОтау

1
Асылы Осман

“Қазақ халқындай жүрегі кең, дархан ұлт жоқ деп ойлаймын. Бір құрты болса бөліп жедік, қиналғанда құшағына алып, бауырына басты. Әрбір Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілінің қазақ тілін білуі – қазақ халқына деген құрметі деп білемін. Ендеше, біз қазақ тілінде сөйлеуге міндеттіміз”, – дейді Асылы Осман.

Филология ғылымы докторының айтуынша, “Үш тұғырлы тіл” сәтсіз құрылған тіркес. Тұғыр сөзі тек қана қазақ тіліне қолданылуы тиіс. Қазақ тілі ана тілі ретінде бір жүк арқаласа, мемлекеттік тіл ретінде тағы бір жүк арқалайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

  1. Асылы Осман апамыздың ойын менің орыс көршілерім де айтып отыр. Олар балаларын қазақ бақшалары мен мектептеріне беріп жатыр. Ал биліктегілер мемлекеттің өзіне тəн ерекшеліктері ескерілген дара жол таңдаудың орнына біреудің реформасын көшіріп, еліктеу үрдісін жалғастырып келеді. 70жыл орыс тілі басымдық алғанда Қазақ тұтасымен орыс тілін меңгеріп, сол кездегі РФ -ның деңгейіне білімін де, экономикасын да теңестіре алмады. Қазақ орыс басқаруға ыңғайлы құлдық санадағылар мен мəңгүртке жіктелді. Рухымыз бен тіліміз, діліміз енді өзімізге қайта бастады ма дегенде, қазақтың өзі өз қолымен ағылшынға сананы құлдыққа, ал тілді құрбандыққа шалғалы отыр. Біз рух пен тілді бəрінен жоғары қоя алмасақ, несіне егемендікке ұмтылдық? Бұл парадокстың шешімі бар ма?

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!