Ерлан Сағадиев: Ауыл мектептері екі жыл артта қалып қойған

Ауыл мектептері қала мектептерінен 2 жылға артта қалып қойған. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыда өткен Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ғылым және бизнес» халқаралық форумы барысында айтты. Дереккөз: ҚазАқпарат

4
Ерлан Сағадиев

Министрдің айтуынша, білім беру жүйесіне енгізілгелі отырған жаңа бағдарлама ауыл мен қала мектептерінің арасындағы артта қалушылықты қысқартуға бағытталған.

«Біздің басты міндетіміз – қала мен ауыл мектебінің арасындағы артта қалушылықты жою. Экономикалық ықпалдастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері арасында ауыл мектебі қала мектебінен функционалды сауаттылық бойынша 8 сыныпқа қарай 1 жылға кеш қалған болса, Қазақстан мектептері екі жылға кеш қалып қойған. Бүгін осы мақсатта алдымызда үлкен міндет тұр. ЭЫДҰ елдері ауыл мектебінің мазмұнын 1980 жылдары жаңғырта бастады. 1990 жылдары реформа толық жүзеге асырылды. 1997 жылы олар білім беру сапасын анықтау жүйесін енгізді. Аталған бағдарламаға 70 елдің білім беру жүйесі қатысты», – деді министр.

Ерлан Сағадиев жаңа білім беру мазмұнына Қазақстан мектептері биыл 1 қыркүйектен көше бастайтынын жеткізді.

Бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектебінде апробациядан өткен. Биыл жазда 73 мың оқытушы қайта оқытылып, жаңа жүйеге 350 мың оқытушы мен 3 млн оқушы қатысады.

«Бағдарлама бөлке нан емес, оны бір жерін кесіп алып тастауға болмайды. Бұл үлкен ғылым. Бала бастауыш кластардан функционалды сауаттылық негіздерін меңгеруі тиіс. Негізгі мақсат – ауыл мен қала мектебінің деңгейін теңестіру. Биыл 1 сынып оқушылары 1 маусымға дейін оқиды. Бұл өз кезегінде 5 күндік білім беру жүйесіне көшуді білдіреді. Келер жылы аталған бағдарламаға 2,5,7 сыныптар көшеді. 9 сыныптар да көшуі ықтимал», – деді министр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

4 пікір

  1. Министірдің өзі артта қалып қойған сияқты. Осы Ерлан министірден үміт күтпеймін халық үшін бірдеме істейді деп. Орысқұлғой таза. Басқа мемлекет тілінде ойлайды. ағылшынды аңсайды.нұсқаумен жүреді. Өз ой түйсігі жоқ сияқты.

  2. Мамыр айында балалардың сабаққа қатысуы күрт төмендейді, себебі демалыс жақындап қалды деп ойлайды. Бірінші маусымға дейін сабақты ұзарту жақсы нәтиже беретіні күдікті.

  3. Ауыл мектептерінің біраз артта қалып қойғаны алаңдатады. Үштілділік саясаты енгізіліп баларды жаңа методикамен оқытатын болса ауыл және қала мектептерінде ілгерілеушілік болар еді. Әрі балалар да ЖОО түскен кезде 3 тілді менгеруі қажет болады. Ал, есейгенде бұл біраз қиындық туғызады.Сондықтан мектеп қабырғасынан дағдыландыру өте дұрыс және керек деп ойлаймын.

    • Шаш ал десе бас алатын болып бара жатырмыз.Үш тілде оқытатын кадрды қайдан таппақшы.Адам робот емес қой басқа тілде сайрап кете салатын

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!