Ирандық компания Қазақстанда үш электрстанция салады

Тегеранда Қазақстанда электрстанция салу туралы келісімшартқа гидроэнергетикалық құралдар экспорты және қызмет көрсетумен айналысатын ирандық компания САНИР және қазақстандық компания «Евразия Инвест Групп» қол қойды, деп хабарлады ТАСС САНИР-дың бас директоры Бахман Салехиге сілтеме жасай отырып. Дереккөз: Ақпараттар орталығы

0
Ирандық компания Қазақстанда үш электрстанция салады

«Бүгін Тегеранда «Евразия Инвест Групп» компаниясының басқарушы директорының қатысуымен қуаттылығы 50 МВт жел электрстанциясы мен әрқайсысының қуаттылығы 250 МВт болатын екі жылу электрстанциясын салу туралы келісімге қол қойылды», – деп  ИРНА агенттігі Б. Салехидің сөзін келтірді.

Ол хабарлағандай, жобаларды 18 айда жүзеге асыру жоспарланған. Бір электрстанция Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында, қалған екеуі «Жібек Жолы» бағыты бойынша Алматыда салынады.

«САНИР қазақстандық тараппен сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, газқұбырын тарту, жолдарды дамыту және Қазақстанның тау-кен өндірісі саласында ынтымақтастық орнатады деген шешім қабылданды. Тараптар аталмыш бағыт бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы ниеттерін білдірді», – деп атап өтті Б. Салехи.

Ирандық-қазақстандық келісімге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға сапары алдында қол қойылды, ол бүгін ирандық астанаға келеді.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Тегеранда Мемлекет басшысының сапарына байланысты 40-тан астам екіжақты құжаттарға қол қоюға дайындық жүргізілуде.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!