Қаратау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреев тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен конкурс нәтижелері бойынша Қаратау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреев тағайындалды. Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреев 1984 жылы 5 сәуірде туылған. Білімі жоғары. Мамандығы бойынша біліктілігі–заңгер, экономист.

7
Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреев

Еңбек жолын 2005 жылы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің «Өндірістік-пайдалану кәсіпорындар» ЖШС-де экономист қызметінен бастаған.

2007-2008 жылдары қазіргі «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бойынша Ұлттық орталық» аталып келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығында «Е» санатты кадрлар бойынша оператор қызметін атқарған. 2009 жылы сәуір-тамыз айларынан бастап ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі Агеттігі Ақпараттық мониторинг пен бағалауды қамтамасыз ету Департаментінің Қызылорда облысы бойынша сарапшысы лауызымында еңбек еткен.

Кейінгі жылдары ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігі Ақпараттық мониторинг пен бағалауды қамтамасыз ету Департаментінің аумақтық басқармасының сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік  бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде қызмет атқарған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

7 пікір

  1. Иса братан лауазым кутты болсын!!! Нагыз кара косе отыратын орын енди орнын тауыпты. Одан жогары орынга шыгуга тилектеспин. Тек алга

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!