Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөздері

Елбасы сан-салалы мемлекеттік қызметтен қолы қалт еткенде табиғат аясында болғанды ұнатады. Әрине, мойнында бүтін бір елдің жауапкершілігі тұрған Президент өмірінде мұндай сәттер тым сирек болады. Туған жердің сұлу көркі шабыттандырған Нұрсұлтан Әбішұлының кестелі ой, көркем толғаныстары баршылық. Солардың бір шоғырын бүгін біз «Фейсбук» оқырмандары назарына ұсынып отырмыз.

6
Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақтың кең байтақ жерінде аңызға айналмаған тұс тіпті аз, бәрі де қастерлі өлке, қасиетті мекен.

Қасиетті қазақ жері – ата-бабаларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер.

Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.

«Көшпелілер» мал жайып өткен жерінің бәрін өздерінікі санай берген» дейтін сандырақты ғылыми тұрғыда әшкерелеу шарт.

Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айтудың өзі қиын.

Жер абаттанса, ел абаттанады.

Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…

Ауылдың амандығы – елдің амандығы.

Ауыл – қазақтың алтын бесігі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

6 пікір

  1. Сәлеметсіз бе! Заң бойынша шындық қашан орнайды. Каропсия қашан тоқтайды. Сот адилдикти қашан дұрыс шешеді. Шымкениеги економикалык сот бугин сотты адил шешпеди, дәлелім бар.

  2. Өз құқығымды қорғау үшін кімге сенім. Тек ақшасы барлар жеңеді биз секілділер документ дұрыс болса да жеңіледі бұл өмір не боп бара жатыр
    ???

    • әділетсіздіктің кең жайылуы қиямет күнінің жақындағанын білдіретін көп белгілердің бірі. Қиямет күніне дайын болыңыз

  3. Артында қанатты сөз қалдыру үшін адам алдымен өзі талантты әрі халқына адал болуы керек. Әйтпесе айтқан сөздері әншейін сандырақ

Пікір қосу