Қазақстандағы ана өлімінің көрсеткіші 84%-ға төмендеді

Қазақстанда 25 жылдың ішінде ана өлімінің көрсеткіші 84%-ға төмендеді – 1990 жылы 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 75,8-ден 2015 жылдың қорытындысы бойынша 12,3-ке азайды. Яғни, орташа есепеен жыл сайын 3,4%-ға төмендеп отырды.

0
Ана мен бала

ДДСҰ мәліметінше, әлемде 2005 жылға дейін жыл сайынғы ана өлімінің төмендеу қарқыны 1%-дан төмен болатын, 2008 жылға дейін — 2,3%, 2010 жылға қарай 3,1% болды. Осылайша, Қазақстандағы ана өлімінің төмендеу көрсеткіші халықаралық ұсынымдарға сай келеді.

Республикадағы ана өлімі көрсеткішінің төмендеу динамикасын бақылайтын болсақ, тәуелсіздік жылдарында аталған көрсеткіш дамыған елдер деңгейіне жеткенін байқауға болады: 1990 жылы тірі туылғандарға шаққанда 75,8 болса, 2000 жылы – 48,6, 2005 жылы – 40,5, 2010 жылы – 22,7, 2015 жылы – 12,3 болды.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысында ана мен сәби өлімін төмендету мәселелері, сонымен қатар, әйелдердің репродуктивті денсаулығын жақсарту мәселелеріне аса зор көңіл бөлінді.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде республикада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай – ДДСҰ) төмендегі халықаралық стандарттары енгізілді: ДДСҰ бойынша тиімді перинаталдық технологиялар, халықаралық стандарт бойынша тірі туылу өлшемдеріне өту, ана мен баланың бірге болуы, серіктестік босанулар, клиникалық хаттамалар, халықаралық стандарттарға сай негізгі патологиялық нозологиялар бойынша алгоритмдер, жүктілік кезіндегі туу алды скрининг.

Ірі ұйымдастырушылық шаралары да өткізілді. Мәселен, аймақтандыру қағидаларын енгізу бойынша шаралар ұйымдастырылды; босандыру бойынша ұйымдастыру жұмыстары 3 кезеңге бөлінді; бірқатар аймақтардағы көпсалалы ауруханаларда босандыру үйлері енгізілді; бірнеше блоктардан тұратын (акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық, емханалық) толыққанды перинаталды орталықтар ұйымдастырылды, III және II деңгейлі босандыру үйлерінде жаңа туған балаларға арналған жансақтау және шала туған балаларға қарау бөлімдері ашылды; барлық босандыру үйлері УДЗ мен балалардың дем алу аппараттарымен жабдықталған.

Жоғарыда аталған шаралар ана өлімінің көрсеткішін төмендетуге және мыңжылдықтың мақсаты мен міндеттерін орындауға ықпал етті.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу