“Қайрат ФК” грузиялық маман жаттықтырады

Бүгін «Қайрат» футбол клубының жаңа бас бапкері болып белгілі грузиялық маман Кахабер Цхададзе тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды. Дереккөз: Егемен

0
Кахабер Цхададзе Қайрат

Кахабер Цхададзені өткен ғасырдың 80-90-шы жылдары футболды тамашалаған жанкүйерлер жақсы біледі. Ол алдымен Тбилисидің «Динамо» командасында, одан кейін Германияның «Айнтрахт», Англияның «Манчестер Сити», Мәскеудің «Динамо» мен «Спартак» клубтарында ойнаған. Сонымен бірге ол ТМД құрамасында жасыл алаңға шығып, кейін біраз жыл Грузия ұлттық құрама командасында өнер көрсеткен.

Жаттықтырушылық қызметін 2001 жылы бастаған. Сол кезде Грузияның «Локомотив» командасын жаттықтырған. Осы қызметтен кейін Кахабер Цхададзе «Сиони», Бакудың «Стандарт» және «Интер» клубтарында жұмыс істеген.

Биылғы жылға дейін Грузияның ұлттық құрама командасын жаттықтырды. Жаттықтырушы ретінде ол екі рет Грузияның, бір рет Әзербайжанның чемпионатын жеңіп алды.

Жақында “Қайрат” ресейлік бапкер Артем Бородюкпен келісімді үзген болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!