Төреәлі Әлихановтың Баян Есентаеваның мәлімдемесіне жауабы

Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі мырза Баян Есентаеваның мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Baistars.kz. Дереккөз: Baistars.kz

23
Төреғали Төреәлі

“Әйел адамды жеңу мүмкін емес. Әлем жеңбеген әйелді еркек жеңбейді. Мен ол кісімен салғаласып, олай емес, былай деп отырғым келіп тұрған жоқ. Бірақ айта кетейін, Төреғали “Ұлы дала баласы” деген атпен екі ірі қалада Алматы және Астанада концерт қойды. Екеуінде де он күн бұрын билеттер таусылып қалған. “Ұлы дала баласымен” талай қала, елді-мекенге концертпен барып жатырмыз. Афишасында өзі жалғыз тұр. Халық Еркесіз де оның концертіне келіп, ол әнсіз де басына көтеріп жүр” – деп қысқа қайырды Төреәлі мырза.

“Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры” демекші, әңгіме Төреәлі мырзаның “Ерке Есмахан “Алло” арқылы халыққа танылды” деген сөзінен шыққан. Осы мәселе жөнінде Төреғалидің директоры “Ағай олай айтуы мүмкін емес, телеарналардың баяғы әдеті ғой, сөздерді кесіп-кесіп береді. Сондықтан сондай дау шығып жатыр. Төреәлі аға өз сөзінде тұратын адам. Гонорар төленбесе, демек солай келіскен болуы керек” – дейді әншінің директоры Фариза. Бірақ біріккен гастрольдік сапар наурыз айының басында аяқталған. Төреғали Төреәліге “Алло” әнімен дуэт айтып, концертке, той-думанға бірге шығу қиындап кеткен ұқсайды. Сондықтан біріккен гастроль Баян Есентаева айтқандай бір жарым айға емес, 20 күнге ғана созылған. Ал 4 сәуір күні Петропавлда кеш қонағы Ерке Есмахан болады делінген билеттің өтірік болып шыққаны белгілі болды. Концертті ұйымдастырушылардың айтуынша, 4 сәуірде Петропавлда өтетін концерттің билеттеріне Төреғали өзі түскен суреттер сатылған.

Төреғали концерт

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

23 пікір

  1. Мынау озара шешетін мәселелеріңізді жария етіп, әншілік қасиеттеріңізден айырылып журмениздер әйтеу

  2. Самолетте, туалетте, кафеде, магазинде, кошеде, баняда, сахна сыртында, жаксылардың ортасында кезігіп калса, тіпті болмаса жеп жаткан тамактарында салады. Қайырымдылыкка салса гой акшаларын….

  3. Ән айтып,кұнкөрісін содан ажыратқан еркектен жеккөрерім жоқ!Ән әйелдердің тірлігі. Әншілердің мақтаншақтығына, сұрамшақ диуаналығына құсқым келеді.Ұят!

  4. акша, акша акша, халықтың ақшасына тойынып біттіңіздер ғой әйтеуір, ал халық суға кетіп жатыр, үйсіз-күйсіз қалды десе, осы әншілердің соларға жандары ашып жатқандарын көрмеппін.

  5. Төреғали бауырымның ” Ұлы дала-баласы”-екенін өз басым мойындаймын. Керемет,əнші! Шығармашылық табыс тілеймін!

  6. Төреғалиды қолдаймын. Осы Қазақ біреу өрге шықса даттап, жамандап. Абройын түсіруге ұмтылады екен. Мықты әнші. Көтерілді. енді қалай түсіруді ойластырып жатқандай. не керегі бар екен

    • иЯ,ЕРКЕ ДЕ ТОРАЛИ ДЕ ОТЕ БОСПЕ!!!БОЙЛАРЫНДА КАРАПАЙЫМДЫЛЫК ЖОК!!АТАК ПЕН АКША УШИН АЙТЫСКАНДАРЫ НЕ??ТОРАЛИ ДЕ ДУРЫС АДАМ БОЛСА БАЯНДЫ СИЛАУ КЕРЕК ЕДИ,КЫЗДЫН ЖОЛЫ ЖИНИШКЕ!!!АЛЛО-АНИН КИММЕН КОСЫЛСАДА АЛГАШКЫ ЕРКЕМЕН АЙТКАН ДУЭТКЕ ЖЕТПЕЙДИ!!!

  7. Баян Есентаева калай жамандасада, Торегали барибир жаксы анши ретинде халыктын журегине орнады.Сондыктан ар айелин созине конил аудармаганда дурыс шыгар…….

  8. еки аншиниде керемет жаксы коремин сондыктан бундай ангимеде аттары айтылганы оте окиништи……..умытыныздар …..будьте благородны….и цените уважение людей

  9. Төреғали ақын оның айтқан өлеңдері халықтың жүрегінен шығып тұр, ол “Алло “сыз ақ танымал соны біле тұра у шу шығармайықшы. Ерке де сұлу , нәзік әнші ол да ” Алло” сыз ақ танымал әнші екеуінің арасына іріткі салмай-ақ жүрейікші бәріміз де 5 күндік қонақпыз. Қазір болсақ ертең жоқпыз

  10. Действительно дурыс айткан Торегалидын акес1. Халык Ерке Есмаханды алло олен1нен таныды. Оганга дей1н талай олен айткан болар. Б1рак дал сол Аллодай атакты болып кетет1ндей олен1 болган жок.

  11. Қайтейін, Абай атамыздын аударған бір мысалы есіме тусіп кеттігой. Сайрап отырған бұлбұлға бақа(колбақа) келіп, Сен анау әтештен кішкене ән айтудан сабақ алсаң дурыс болады деп ақыл айтқан кезінде, бұлбұл
    Демеймін мені мақтасын
    Оленім жақсын, жақпасын
    Дал мынандай сыншыдан
    Қудайым мені сақтасын
    – деген екен. Роза апамызға буткіл еуропалық жарыста бірінші орынды босқа берді деп отырсынба(Әлия анімен)?!

  12. Екеуі де жақсы әншілер. Шоу бизнес деген осы, бір-бірін көр алмайтын адамдар от салады араларына. Еркенің бағын ашып,халыққа жақындастырған осы ән екенін мойындаған жөн енді.

  13. Əншілердің бұл дауы ұят өз арасында шешілу керек дегенмен Еркені ерке қылған Алло əні халық сыншы мойындау керек

  14. .Сөз жоқ Тореғали əнді жақсы айтады айтады. “Билеттер он күн бұрын таусылып кетеді”Недеген мақтаншақтық ,ұят.Баянның айтқан рас екен.

Пікір қосу