Сон Паскаль қазақ тойынан миллиондап ақша табатынын жасырмады

Итальяндық әнші Сон Паскаль қазақ тойларынан миллиондап табыс табатынын айтып, елімізде той-бизнестің дәуірлеп тұрғанын баяндады, деп жазады NewTimes.kz.

0
Сон Паскаль
caravan.kz

Қазақстанда аты шыққан итальяндық әнші Сон Паскаль тойға жиі шығатынын ашық әңгімеледі.

«Қазақстанда тойдың орны ерекше, тойға жиі шығып тұрам. Бұл — қазақстандық формат. Айтпақшы, Италияның оңтүстік өңірінде де көңіл көтергенді қатты ұнатады», — деді  Паскаль.

«Тойдан миллион теңге табыс табам. Доллар емес. Бұл — орташа баға. Шынымды айтсам, басқалардың құнымен өзімдікін салыстырам да, әріптестерімнен сәл арзандау сұраймын. Себебі олар — қазақстандық, мені Италиядан тек ақша табу үшін келді деп ойламаса екен», — деп ағынан жарылды итальяндық әнші.

Әртістің айтуынша, «Паскалистан» жобасының екі маусымдық кезеңінен кейін «Пекин-экспресс» шоуынан кейін оның табыс көзі едәуір өскен.

«Қазақстан — музыка жағынан менің бірінші үйім, мұнда деңгейімді шыңдадым. Бұрын 100-150 адамға ән айтсам, қазір 25 мың адамға өнер көрсетемін», — деді Паскаль.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу