Қазақстан футбол чемпионатындағы ең қымбат ойыншылар

Vesti.kz порталы Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат он футболшының тізімін жасады. Дереккөз: Tengrinews.kz

0
Қазақстан футбол чемпионаты

Transfermarkt сайтындағы мәліметке сүйенсек, рейтингте “Астана” клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович көш бастап тұр. Ол 2 миллион еуроға бағаланған.

Бұл тізімде екінші орынды “Қайрат” клубының ойыншысы Жерар Гоу алды. Алматылық клубтың спортшысы 1,8 миллион еуроға бағаланған. Ал үздік үштікті “Астананың” жартылай қорғаушылары – Рохер Каньяс және Аруна Лукман қорытындылады. Олар 1,5 миллион еуроға бағаланыпты. Толық тізіммен мына жерден таныса аласыздар.

Сонымен қатар, трансфер терезесі жабылғаннан кейін елордалық “Астананың” Қазақстан премьер-лигасындағы ең қымбат клуб атанғаны белгілі болды. Transfermarkt сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, бұл клубтың құрамы 15,2 миллион долларға бағаланған. Екінші орында 12,28 миллион доллармен “Қайрат”, ал үшінші орында қостанайлық “Тобыл” (8,58 миллион еуро) тұр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!