Қыркүйектен бастап 1 сынып оқушылары үш тілде білім алады

Биылғы жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары Назарбаев зияткерлік мектебінің бағдарламасымен үш тілде білім алуды бастайды деп хабарлады "Алматы" арнасы.

Дереккөз: Алматы ТВ
10
1 сынып оқушылары үш тілде білім

Бұл туралы Алматы оқытушылары өткізген брифингте белгілі болды.

«Назарбаев зияткерлік мектебінің пилоттық жобасы қазір еліміздегі 30 мектеп пен гимназияда қолданылуда. Енді 1 қыркүйектен бастап 1 сынып оқушылары үш тілде білім ала бастайды» дейді зияткерлік мектеп өкілдері.

Яғни, әр пәнді оқушы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бөлек оқитын болады. Бұдан бөлек, бастауыш сыныптағыларға білім алуда жаңа мүмкіндіктер, жаңа әдістер мен электронды оқулықты оқуға мүмкіндік тумақ.

Бұл бағдарлама тәлім алушылардың білімін анықтауға, отандық білім беру дәстүрінің үздігін қабылдауға мүмкіндік береді дейді бастамашыл топ.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

10 пікір

  1. 1 қыркуектен қорқатын болдыққо !!!!!Əртүрлі заңдарыңыз көбейіп кеткен жоқпа жоғарыда отырған АҒАЛАР. Сондай күшті болсаңын 1 сыныптың МАТЕМАТИКА кітабына көзіңізді бір жүгіртіңші қанша қате бар. Содан кейін білім сұраң. Өз қазақ тілімізді дұрыс меңгеріп жетіспей, қайдағы 3 ТІЛ ?????

    • Дурыс айтасыз. Бул сумдыккой! Расында казак тылын карк кып алсын!

  2. Қазақ тілінің 42 əріпін жаттай алмай, оқи алмай, өз ойын ана тілде еркін жеткізе алмайтын оқушылар бар, ендігі ұрпақ не болмақ! Екі қайықтың басын ұстаған суға кетет деген бар. ..суға кетпесе болғаны

  3. Кайдагы 3 тил, балалардын тилдери 6 жасында аныкталадыгой.тили шыгысымен калай игереди.буйрыкты шыгарардан бурын халыкпен акылдасыныздар

  4. Ауылдың балаларын бірдей дарынды деп ойлайды ау осылар əріптің өзін зорға таниды. Министр қашан ауысады екен,

  5. Бірінші сыныпты алған мұғалімнің жəне бастауыш сыныптың мұғалімінің сағат жүктемесі қанша болатыны бастауыш сынып мұғалімдерін алаңдатып отыр. Себебі əдебиет, қазақ тілі, математика, сауат ашу пəндерінде сағаттар саны қысқарып оның орнына орыс тілі, ағылшын тілі, информатика пəндері қосылған. Сонда бастауыш мұғалімінде 12 ақ сағат бар. Басқа пəндерден курстарға барып оқи алмайды себебі оны «пəн мұғалімдері оқу керек» деген заңдары тағы бар.Аяғында жоғары сынып мұғалімі яғни пəн мұғалімдерінде сағат саны көбейіп, ыстығы мен суығын көтеретін бастауыш сынып мұғалімінің сағаты азайып кеткен. Аз сағат алған мұғалімнің айлығы да аз, ол қалай бала шағасын асырайды,төлейтін кредиттері бар дегендей. Осының шешімін айтатын адам бар ма, жоқ əлде жел қайда соқса, қаңбаққа ұқсап сонда кетеміз ба?

  6. Жоғарыдағы білгішсымақтар неге ақылдаспай білгенін істейді, оқулықтың өзінде көп қате бар, мұғалімдердің сағаты қысқарса қалай бала-шағасын асырайды, жоқ əлде жоғарыда отырғандар қалтасынан бере ме, мұғалімдер қой сияқты қойшы қайда айдаса, сонда жүреді.

  7. Қазақ тілінде білім алу бастауыш сынып үшін ең таптырмас жылдар, біз басқа елдің отарында емеспіз ғой, ертең он жылда тілімізден де, дінімізден де, елдігімізден де айрылайын деп отырмыз ақылдасыңдар халықпен, онда халықтың қарғысына ұшырап,ұрпақтың обалына қалмаңдар.

Пікір қосу