Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарға Орал қаласының жаңа басшысын таныстырды. Қала әкімі қызметіне 52 жастағы Нариман Төреғалиев кіріседі. Дереккөз: nur.kz

0
Нариман Төреғалиев

Бұл туралы Уральская неделя басылымы хабарлайды.

Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Есенсай ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын экономист ретінде бастаған ол БҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігінің директоры, Ақжайық ауданының әкімі қызметіне дейін көтерілген.

Орал қаласының жаңа әкімі тағайындалды

2015 жылдың маусымынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Аталған қызметте ол экономика, қаржы, құрылыс пен автомобиль жолдарын жөндеу мәселелеріне жауап берді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!