“Қайрат ФК” ресейлік бапкерді қызметінен босатты

Алматының "Қайратын" жаттықтырған Александр Бородюк қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. Дереккөз: nur.kz

1
Александр Бородюк Қайрат

Биылғы маусымда “Қайрат” басшылығы команданы ресейлік маманға сеніп тапсырған болатын. Алайда, тәжірибелі бапкер сенім үдесінен шықпады. Команда алғашқы үш ойында жарытып ұпай жинай алған жоқ.

Тіпті, танымал футбол жұлдызы Аршавиннің өзі ойнаса да, алматылық клуб чемпионаттағы ортаңқол команда “Ақжайықты” жеңе алмаған.

Осыдан соң,  Бородюк командамен келісімді бұзып, қызметінен кетті. клубтың ресми сайты бапкерге сәттілік тілейтінін жазған. Әзірге, клубты кімнің жаттықтыратыны белгісіз.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!