Төреғалидің әкесіне Баян Есентаева ренжулі екенін ашық айтты

Жақында "Ел аузында" бағдарламасына сұхбат берген Төреғали Төреәлінің әкесі әрі продюсері Төреәлі Төлеп Ерке Есмаханды "Алло" әнінің арқасында танымал болды дегені Баян Есентаеваның қытығына тиді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Дереккөз: nur.kz
11
Төреғали Төреәлі Баян Есентаева

Баян өз парақшасында Төреғалидің әкесіне ренжулі екенін ашық байқатқан жазба қалдырды.

«Менің әріптесім Төреғали соңғы кездері өзгенің әртістеріне қатысты жауапкершілікті өзіне алуды қатты жақсы көріп кетті! «Алло» жалпыға ортақ туынды. Әнді Төреғали, клипті мен ұсынып біргелікте жақсы жұмыс істеген сияқты едік. Еркенің жеке әнші ретінде танылып жүрген уақыты Төреғалидікімен тең, екі жыл болды. Меніңше өзгенің еңбегін бағалай білу керек.

Төреғали, мен де мұнда өз жұмысымды білетін адамның бірімін. Ол бейнебаянды тоғыз миллионға жуық жұрт тамашалап, көпшілігінің көңілінен шығып жатыр. Сіздер де тіпті армандамаған клипке қолдарыңыз жетіп қалды. Сондықтан ортақ еңбегімізді бағалайық. Ерке ерекше дауыс иесі, әрі өзінің тыңдармандарын тапқан әнші. Олай болмаса Төреғалидың өзі бірге ән шырқау ұсынысын жасамас еді.

Біздер Төреғалидың ұсынысына қатысты сол кезде  біраз ойланған болатынбыз»,-дейді Баян Есентаева

Төреғалидің әкесі Баян Есентаевадан сөз естіді

«Менің әріптесім Төреәлі өзге әртістер үшін жауапкершілікті тым жиі өзіне алғанды жақсы көреді. «Алло» — бұл ортақ туынды. Әнді Төреғали ұсынды, ал клип түсіру идеясы менікі, бірге ойымыз керемет жүзеге асты. Еркенің Төреғали секілді сахнада жеке ән айтып жүргеніне екі жыл болды. Өзгенің еңбегін сыйлай білу керек деп ойлаймын, құрметті әріптесім Төреәлі, мен де жүгері күзетіп отырған адам емеспін. Клипті 9 млн-нан астам адам қарады, оларға әнмен үйлескен бұл оқиға ұнайды, ал сізді клип түсіргенде көрген ешкім жоқ. Сіз армандап көрмеген клипке қол жеткіздіңіз. Сол себепті, ортақ еңбекті құрметтейік. Ерке дауысы керемет әнші, өзінің табынушыларын да жинап үлгерген. Олай болмаған жағдайда Төреғали оған дуэт болып шығу ұсынысын жасамас еді. Біз келісу-келіспеу жағын ұзақ ойланған едік», — деп жазған Баян.

Төреғалидің әкесі Баян Есентаевадан сөз естіді

Баянның бұл жазбасына пікір қалдырғандардың дені оның сөзіне қосылатынын жазған. Желі қолданушылары «Төреғали Төреәлінің жұлдыз ауруына шалдыққанын» айтып, Еркенің олармен салыстырғанда нағыз дарын иесі екенін сөз еткен.

Төреғалидің әкесі Баян Есентаевадан сөз естіді

Айта кетерлігі, жақында Баян Есентаева Ерке мен Төреәлінің «Алло» бейнебаянына фильм түсірілетінін мәлімдеген болатын. Бұл жайттан кейін екі тараптың енді ортақ туынды жасау-жасамауы уақыттың еншісінде болып отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

11 пікір

  1. Тук таппадындарма боска дел созге сонша даурыгып Баян Есентаева пикири дурыста шыгар ен дурысы реклама жасап ак караны айту кажет емес халык ози таразы Ерке мен Торегалиды онсызда айтып жаткандары аздай енди мынасы неси

  2. Баян Есентаева жас аншилердин арасына сын айту сиздин атынызга да затынызга да сай емес акылды адам дана адам унсиз калады ал жастар оздери ертенак омир сахна кайта жуптасып кетеди солай бекерге даурыкпаныз сабыр кимнин Ким екени аппак кардай белгили гой Несин созинизди кор кыласыз

  3. Торегали казактан жалт етип шыгып еди барин етегине жабысып кай аншимен ан айтпай жур еди вроде баримен жуп болып айтылып кеткен оны ангиме ету артыктык болар

  4. Ерке «Алло» əнінің арқасында танымал болды деген Төреғалидың əкесі. Соған ренжіп жүр Баян.

  5. Төреғалидың әкесі байқамай айтып салды деп ойлаймын.Қаны қызу қазақпыз ғой.Әкесінің кесірі баласына тимесінші.Төреғали нағыз жарқырып жанып келе жатқан жұлдыз.Бұл үшін кешіріңізші Баян ханымІӘрине,халық біледі сіздің кім екеніңізді.Бір ашуыңызды беріңізІ

  6. Шынын айту керек. Еркенің орнында кез келген басқа əнші болуы да мүмкін еді. Басы алтын болса да əйел адам ер адамнан төмен екенін ұмытпауы қажет. Осы адамдарда бір біріне деген сый құрмет.кешірім деген бар ма? Əлде қалмаған ба?

  7. Ерке мақтауға лайық болса алдымен елдің алдына шыққанда əурет жерлерін жауып алсын көз зинасын көбейтпей.

Пікір қосу