“Ананди” ролінде ойнаған актрисаның үйінен ішімдік пен дәрі-дәрмектер табылды

"Келін" үнді телехикаясының актрисасы Пратюша Банерджи қалыңдық көйлегімен жерленді, - деп хабарлайды FirstPost.com. Дереккөз: Tengrinews.kz

21
Пратюша Банерджи Ананди

Жас актрисаны жерлеуге арналған киімді дизайнер Рохит Верма тіккен. Дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, өзіне қол жұмсардан біраз бұрын Пратюша Банерджи дәл осы көйлекке тапсырыс берген екен. Болливуд жұлдызын ақтық сапарға аттандыруға оның ұжымдастары да келді.

Пратюша Банерджи

Hindustan Times порталының мәліметінше, актриса суицид жасағаннан кейін полицейлер оның үйін тексеріп, көптеген дәрілік препараттар мен түрлі ішімдік тапқан. “Дәрінің түрі көп болғандықтан, олардың не мақсатта қолданылатынын анықтау үшін дәрігерлердің кеңесіне сүйенеміз”, – деді офицер Бангур Нагар. Ол қыздың үйінен ешқандай хаттың табылмағанын айтты.

Полицейлер істі тергеу кезінде заттай айғақтармен қатар, куәгер Сунил Мухиянің берген жауабына да сүйенеді. 22 жастағы аспаз қыздың бөлмесіне кірген алғашқы адам екен. Оның айтуынша, жетінші қабаттың дәлізінен ол актрисаның жігітін көріп қалған. Жігіт сүйіктісінің телефонды көтермегеніне, пәтерінен шықпағанына алаңдап тұр екен. Осыдан кейін аспаз Сунил Мухия қыздың пәтеріне балкон арқылы кіруді ұсынады. Пәтерге кірген аспаз төбедегі желдеткіштің сымына асылып тұрған қызды көрген. Осыдан кейін ол есікті ашып, оның жігітін бөлмеге кіргізеді. Сосын екеуі бірге қызды сымнан ажыратып алған.

Пратюша Банерджи

Пратюша Банерджи

Басылымның мәліметінше, қайтыс болардан біраз бұрын Пратюша Банерджи жігітінің үстінен сотқа арыз түсірмекші болған. “Бірнеше күн бұрын ол маған қоңырау шалып, Рахулдың өзін алдап жүргенін айтты. Мен оған келіп, барлығын реттейтінімді айттым. Ол бұдан ары төзе алмайтынын, онымен қарым-қатынасын үзгісі келетінін жеткізді. Ол көмек керек екенін және Рахулдың үстінен шағым түсіргісі келетінінін айтқан болатын”, -деді актрисаның құрбысы Камья Пунджаби.

Сонымен қатар, полиция қыздың қаржылық қиындықтарға бола өзіне қол жұмсағаны туралы ақпаратты теріске шығарды. Құқық қорғау органдарының өкілдері қыздың қаржылай қиындықтары жөнінде ешқандай дерек таппаған. Үйін тексеру кезінде полицейлер екі ұялы телефон тапты. Олар тергеу амалдары кезінде пайдаға асуы мүмкін.

Пратюша Банерджи

Еске салайық, Пратюша Банерджи 1 сәуірде (Pratyusha Banerjee) өз үйінде өлі күйінде табылған еді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

21 пікір

  1. Басында суйип коруши едим, сонгы кезде типтен унамай кетти, коп нарсе келиспейди, сосын салактык коп, сырткы кииммен тосекке жата кетеди, орамал орнына койлегине сурте салады, т.с.с.. Унди сериалдарына караганда сонгы Казакстан кинолары кандай ширкин. Тек бизде актерлар аз, казирги кезде ролдерде танымал емес актерлер болса гой сенип коретин.

  2. Сонгы кезде типтен унамай кетти, коп нарсе келиспейди, сосын салактык коп, сырткы кииммен тосекке жата кетеди, орамал орнына койлегине сурте салады, т.с.с.. Унди сериалдарына караганда сонгы Казакстан кинолары кандай ширкин. Тек бизде актерлар аз, казирги кезде ролдерде танымал емес актерлер болса гой сенип коретин.

Пікір қосу