Данияр Ақышев: Теңге бағамы рубльге тәуелді емес

Ресей біздің жалғыз сауда әріптесіміз емес. Сондықтан теңгенің айырбас бағамы рубльдің ізін баспады. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев «Казахстанская правда» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады Bnews.kz. Дереккөз: Bnews.kz

0
Қазақстан ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев
azattyq.org

Ресей біздің жалғыз сауда әріптесіміз емес, сондықтан рубль мен теңге арасындағы өзара байланыс абсолютті бірдей болуы мүмкін емес.

«Ресей – басты сауда әріптесіміз,  ол тауар айналымы құрылымымызда басты орынды иеленеді. Алайда  импортағы оның үлесі бар болғаны  34%.  Егер көрсеткіш жүз пайыз болғанда, рубльге байлану әділетті болатын да еді», – деп түсіндірді Қазақстанның бас банкирі.

Оның сөзінше, валюта бағамдарының айырмашылығын екі елдің инфляция деңгейін ескеріп, нақты айырбас бағасы тұрғысынан  қарау қажет. Валюталардың қазіргі ара қатынасы қазақстандық өндірушілердің нарықта бәсекеге қабілетті болып, ішкі өндірісті қорғауына мүмкіндік бере алады.

Екі валютаның дұрыс тепе теңдігін ұстау – бүгінгі күннің шынайы көрінісі. Өйткені, біз капиталы, жұмыс күші, тауары мен қызметтерінің қозғалысы үшін кедендік шекара мен кедергілерден ада – Біртұтас экономикалық одақта өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан онымен санасуға мәжбүрміз. Осындай жағдайларда,  оның  ішінде  айырбас бағамы бойынша көрсеткіштер есебінен нарықта бәсекелесуге болады  деп есептейді Данияр Ақышев.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу