Мақпал Исабекова Ринат Зайытовты өз заманының батыры деп атады

Мақпал Исабекова айтыскер ақын Ринат Зайытовты өз заманының батырына теңеді. Теледидардан ақынның сұхбатын тамашалаған әнші үлкен ойға қалған. Дереккөз: nur.kz

4
Ринат Зайытов

“Ринат Зайытов – өмірге деген көзқарасы мығым ерекше тұлға. Ол шындық үшін жанын береді, өтірікті суқаны сүймейді. Ринатқа “қандай атағыңыз бар?” деп сауал қойылғанда, ол “Маған атақтың керегі жоқ, берген күнінде де қайтарып беретін едім өздеріне” деп қасқайып жауап берді. Жанарында ешқандай жасқану, бұғып қалу жоқ еді”, – деп жазды әнші жеке парақшасында.

“Мұндай жандарды өз заманының батыры деп айтады. Әділ, нағыз нар тұлға, өз ісін шексіз сүйетін жан, халықтың ұлы, ұлт үшін жанын қиюға бар”, – дей келе, Мақпал ақынға өз тілегін арнады.

Зайытовтың әлеуметтік желіде отырмай, шынайы өмір сүргенді қалайтынын айтқан әнші оған жылы сөздерін жаудырды.

“Ринат, қайда жүрсең де, аман бол, жақындарың аман болсын, шабытың таусылмасын, жақындарың аман болсын, қазақтың ұлдары сендей болса, болашағымыз үшін жаным тыныш”,  – деді Исабекова Instagram желісінде.

Ринат жайлы жаза отырып, Мақпал танымал әнші Батырхан Шүкеновті еске алды.

“Осындай жандарды бағалау керек, бойындағы дарынын құрметтеуіміз тиіс. Олардың қазақтың маңдайына біткен қайталанбас тұлға екенін сан мәрте айтуымыз керек. Мен Батырды сағындым, қаншама сөзді айтып үлгермедім”, – деп түйіндеді әнші жазбасын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

4 пікір

  1. әрине Ринат Зайытовтың атқандарына қосылам. Әлем жәлем ер баласына жат қылық болып саналады. Әнші болсын, биші болсын әр адам адам құсап киіну керек

  2. 1000000 қазақстандық ішінде шындықты айта алатын бір қазақстандық болса ол Ринат Зайтов !!!!!

  3. Жаксынын жаксылыгын айт нуры тасысын демиме,Алга Ринат бауырым тек алга!!!Кешеги сайланган 100 депутаттын орнына бир озинди койсагой ширкин.

  4. ия мен де ринат зайытов депутат болып сайланса ғой шіркін біраз халық үшін істер орындалар еді деп армандадым

Пікір қосу