Астанада халықаралық сарапшылар еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы мәселелерін талқылайды

2016 жылғы 27-28 сәуір күндері «Көрме» көрме орталығында еңбекті қорғау және өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі KIOSH-2016 жыл сайынғы форумы өтеді. Шара барысында конференция, дөңгелек столдар және көрме өткізу қарастырылған.

0
Еңбек қауіпсіздігі

KIOSH-2016 конференциясы 6-шы рет мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар және халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін өндірістік жарақат пен кәсіби ауруларды алдын алудың жаңа тәсілдерін дамыту перспективалары талқыланатын ірі пікірталас алаңы болмақ.

Шара аясында өндірісте еңбектің қауіпсіз шарттарын қамтамасыз етуге экономиканың әсер етуі; еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша заңнаманы сақтай отырып кәсіпорындарда ішкі бақылауды жүзеге асыру; жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету; өндірісте болатын жазатайым оқиғалардың алдын-алу үшін кәсіби тәуекелдерді басқару мәселелері қарастырылатын болады.

Іс-шарада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының, Халықаралық еңбек ұйымының, Атамен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ERG Еуразиялық тобы, «Фирма «Техноавиа» ПВ, Skincare Innovations B.V сияқты және т.б. ірі компанияларының өкілдері баяндама жасайды.

Форум аясында 2 дөңгелек стол ұйымдастырылады:

  • Қазақстанның қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік: проблемалары мен перспективалары
  • Жеке және ұжымдық қорғаныстың құралдарына арналған Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласын дамытудың өзекті мәселелері: үрдістері мен перспективалары.

Сонымен қатар, форумда саладағы ең үздік маман атағын анықтайтын «Қорған» ұлттық салалық конкурсының қорытындысы және республиканың жұмыс берушілерінің арасында еңбектің қауіпсіздігі мен қорғалуы бойынша «Сенім» конкурсының нәтижесі белгілі болады.

KIOSH 2016 көрмесінде отандық және шетелдік өндірушілер әзірлейтін өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге арналған заманауи жабдықтар мен технологиялар ұсынылады.

 

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!