Оңтүстікте мектеп оқушысы 3 жастағы қызды ажалдан құтқарды

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Қосағаш ауылында Мұхаммедәлі Құрақ есімді 4 сыныптың оқушысы 3 жастағы қызды ажалдан құтқарып алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Дереккөз: Егемен

1
Мұхаммедәлі Құрақ

Жұртшылыққа батыр баланың ерлігі туралы хабарды Алтынтөбе ауылының тұрғыны Сейдалы Дүйсебайұлы жеткізді. Ол facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқиғаның қатты нөсерден кейін  болғанын айтты. «Түнімен төккен жауын ауыл ішін селдете өте шыққан. Сол тасқында Қосағаш ауылында 3 жасар қызды су ағызып біраз жерге барғанда мына бір қаршадай бала құтқарып алыпты. Құтқарып алғасын ессіз жатқан кішкентай бүлдіршіннің көкірегін басып, жұтқан лай суын құсқызыпты. Лай сумен бірге шөп-шалам, ағаш бұталары түсті дейді көргендер. Ауыл тұрғындары қаршадай баланың ерлігін аңыз қып айтып жүр.
Баланың аты Мұхамедәлі. 4 сыныпта оқиды», деді ол.

Біз осыны ести сала баланың өзімен немесе әкесімен хабарласуға асықтық. Алайда Қосағаш ауылында ұялы байланыс нашар болғаннан кейін әзірше Сейдалы Дүйсебайұлының хабарымен шектелуді жөн көрдік.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу