Жастайынан үйінен кеткен кейіпкер соғысты көріп, тұтқындар лагеріне түседі. Осы жылдар бойы ол үйіне, анасына оралып, ұлын көрем деген үмітін жоғалтпайды. Кейіпкердің 45 жыл өмірі экранда өрбиді. Сюжет ұжымдастыру, халыққа қайғы әкелген жұтты, Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі Қазақстанның қиын кезеңдерін қамтиды.

Айта кетейік, 1 наурыз – Алғыс күніне орай ұйымдастырылған фильмнің алдын ала көрсетіліміне Елбасының өзі қатысқан болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу