Үндістанның әйгілі «келіні» Ананди қайтыс болды

Қазақ көрерменіне "Келін" телехикаясынан жақсы таныс Пратюша Банерджи көз жұмды. Бұл туралы hurriyet.com.tr хабарлайды. Үнді актрисасының өлі денесі өз үйінен табылған. Марқұмды жігіті Рахул Радж Сингх үй ішіндегі дәретханада асылып тұрған жерінен тауып алған

Дереккөз: Baistars.kz
4
Үндістан Ананди

Тәртіп сақшылары оқиғаның суицид екені анық болмағандықтан, сот-медициналық сараптама аяқталмай қорытынды айтуға ерте дейді. Себебі, актрисаның аузынан қан кетіп, денесінде жарақат белгілері байқалған.

Полиция қызметкері Судхир Бутер актрисаның достары мен көршілерінен жауап  алып жатқандығын айтты.

Қазіргі таңда тергеушілер қызды өзін-өзі өлтіруге не итермелегенін анықтап жатыр. Туыстары болса оның соңғы кездері ауыр күйзеліске ұшырағаңдығын ескертеді.

Марқұм артынан ешқандай хат жазып қалдырмаған.

Жан құрбысының мұндай жағдайға ұшырағандығын естіген белгілі актриса Сара Кхан және т.б үнді әртістері ауруханаға алғаш болып жеткен. Пратюшаны ауруханаға жеткізген өзінің жігіті Рахул екені белгілі болды. Оның өлімінен кейін, жігіті Радж Сингх із-түссіз жоғалып кеткен. Телефоны сөндірулі. Дәл сол күні, яғни кеше Пратюша мен Рахулдың тойына дайындық өткізілуі керек болатын.

Пратюшаның өліміне басты күдікті Рахул Радж Сингх, яғни жігіті.

Рахул Радж атақты продюссер, актер. Оның Пратстан бөлек, тағы да басқа кездесіп жүрген қызы болғандығы анықталған. Жəне актриса екеуінің жиі жанжалдасатыны белгілі болған.

Кешкі жаңалықтардан суық хабарды естіген үнді халқы төбелерінен жай түскендей күйде болған. Кіші Анандидың рөлін сомдаған Авика Гор әлі де сене алмай отырғанын айтты. «Мен сөз таба алар емеспін… Пратюшаны мақтан тұтамын, оның өз-өзіңе қол жұмсауы мүмкін емес. Ол менің туған әпкемдей болып кеткен. Бірнеше ай бұрын ғана онымен кездесіп, бірге ән шырқаған болатынбыз. Сол күндер әлі де көз алдымнан кетер емес. Оның қандай күйзеліске ұшырағандығынан да бейхабармын. Мен әрдайым оның өмірге риза, бақытты жүзін көретінмін. Бұл қайғылы хабарды естігең кезде, қалжың деп ойладым. Себебі кеше, «1-сәуір, күлкі күні» болатын. Есімізді жия алар емеспіз»-деді актриса.

Естеріңізге сала кетсек, «Анандидің» қазасына оның сүйіктісі себепкер болуы мүмкін.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

4 пікір

  1. Оз басым Пратюшанын озине ози кол жумысаганына сене алмаймын. Типти али кунге дейн осы акпарат «жалган, Пратюша тири» деп биреу айтса екен деп тилеймин.

  2. кайгыга ортакпын, басе неге ауысып кетти десем баска актриса. Казирги Ананди маган тук унамайды. Мурны жалпиып алып тури урод. Шивке жабыса береди онын куйеуи баргой. Шивке жабыса бергенше куйеуине карамайма сорлы. Уятсыз куйеуи жуас шыгар. Ешактин миын жеген албасты, машки сасык ешек какпас котек мал

  3. …гүл өссе-жердің көркі, қыз өссе-елдің көркі дегендей, нағыз Анандидей гүлдей жайнаған, көркі Үндінің ерке қызы, алтыны еді!! Жас АРУ болып, та жану бар еді,сөнуге тіптен жоқ еді , шынымен нанбайсың тіптен өмірден кетті деп…!!?? Ия назы бар ерке сұлу КЕЛІН жаман емес еді-нұрлы өнерімен,келінді келбетімен- барлық енелерге де,адамзатқа да!! Кім біледі?Бірақ сұлудың өмірін, мәпелеп, қадірлеп сақтай алмаған, адамы кездеспеген болар!! Ең ауыры сол, ата анасына қиын болғаны да!!! Көңіл айтамыз , алтындай қыздарыңызға,сабыр берсін сіздерге ҚҰДІРЕТТЕН !!!

Пікір қосу