2 сәуір – Қазақстан Әскери теңіз күштерінің құрылған күні

Бүгін Қазақстан Әскери теңіз күштерінің құрылғанына 23 жыл толды. 1993 жылдың 2 сәуірінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Қарулы күштері Әскери теңіз күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері қазақ теңізшілері еліміздің Каспий теңізіндегі шекарасын, экономикалық мүдделерін қорғап келеді. Дереккөз: Kaznews

0

Әскери теңіз күштері құрылған күннен бері түрлі өзгерістерді бастан кешірді. Әу баста бірнеше шағын катерлері ғана болған әскери теңізшілер қазір отандық өндірістерден шыққан жаңа үлгідегі зымыран-артиллериялық кемелермен, қосымша техникалармен, қару-жарақтармен қамтамасыз етілген.

Әскери теңіз күштері

«Әскер теңіз күштерінің қалыптасу кезеңі 1993-1996 жылдарға сәйкес келді. Алғаш қалыптаса бастаған әскери теңіз күштерінің барлық бөлімдері кейінірек ҰҚК Шекара қызметіне берілген-ді. Өйткені, әскери теңіз күштерінің міндеті тек жағалау күзеті көлемінде қалғаны жөн деген ұстаным болған. Кейін, 2003 жылдың 7 мамырында Әскери теңіз күштері қайтадан Қарулы күштердің құрамына қосылды. Сол себепті бізде, Әскери теңіз күштерінде екі «туған күн» бар. 1993 жылдың 2 сәуірі және 2003 жылдың 7 мамыры»,-деп атап өтті Әскери теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов.

Қазақстан Әскери теңіз күштері

Бүгінде Әскери теңіз күштерінің жауынгерлік даярлығы жоғары деңгейде. Теңізшілер 2014 және 2015 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскер түрлерінің ішінде даярлығы, техникалық жарақтандырылуы жағынан бірінші орынға шықты. Әскери теңізшілер бұл құрылым жасақталған кезде теңізге жылына 10-20 тәуілік қана шығатын болса, қазір теңізшілер кем дегенде 150-170 тәуілік Каспий айдынында жүзеді.

Қазақстан Әскери теңіз

Әскери теңізшілердің білімі мен білігі де назардан тыс қалған емес. Қазақстандық теңізшілер Ресей, Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея сынды бірқатар шетелдерде білім алуда. Атырау мен Оралдағы жоғары оқу орындарында келісімшартпен қызмет атқаратын әскери теңізшілерді оқытатын екі әскер кафедра бар.

Қазақстан Әскери теңіз

Қазақстан Әскери теңіз күштері күні

Қазақстан Әскери теңіз күштерінің арсеналы бірнеше зымырандық-артиллериялық кемелермен, шағын күзет кемелерімен, катерлермен толыққан. Жақында бұл кемелердің қатарына «Алатау» деп аталатын мина-тралшы кеме қосылады. Бұл өз кезегінде Әскери теңіз күштерінің күш-қуатын одан әрмен арттыра түсері анық.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!