Астанада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» ғимаратынан тағы да өрт шықты

Астанада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» ғимаратында тағы да өрт болды, деп хабарлады елордалық ТЖД-ның баспасөз қызметі. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Әбу-Даби Плаза

«Әбу-Даби Плазаның» төменгі қабаттарының түтінденуі туралы хабарлама 1 сәуір күні сағат 00:43-те келіп түсті. Өрт бөлімшелері оқиға орнына келіп жеткен кезде, минус екінші қабатта минералдық мақта өртенгені анықталды. Өрт сағат 01:16-да ауыздықталып, сағат 03:25-те сөндірілді. Оның себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу