Боксшылар Жәнібек Әлімханұлы мен Абылайхан Жүсіпов тұңғыш рет олимпиадаға барады

Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу үшін Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан жарыста 64 килограмм салмақта Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда қытайлық Цянксун Худы 3:0 есебімен жеңіп, финалға шықты. Жарыс ережесі бойынша үштікке енген боксшы Рио олимпиадасына лицензия алады. Дереккөз: Азаттық

0

Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу үшін Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан жарыста 64 килограмм салмақта Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда қытайлық Цянксун Худы 3:0 есебімен жеңіп, финалға шықты. Жарыс ережесі бойынша  үштікке енген боксшы Рио олимпиадасына лицензия алады.

75 килограмм салмақта 2013 жылғы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы да 1/2 финалда Шинебаяр Нармандах​ды (Моңғолия) жеңді. Төреші екінші раундтан кейін кездесуді тоқтатып, Әлімханұлына техникалық жеңіс жазды.

Осылайша, Әлімханұлы мен Жүсіпов олимпиада жолдамасын иеленді. Ал 56 килограмда Қайрат Ералиев үндістандық Шива Тападан жеңілді. Енді ол филиппиндік Марио Фернандеспен қосымша бір жолдамаға таласу үшін кездесу өткізеді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!