Нанды тиімді тұтыну үшін оны кесіп, аз бөліктермен сатқан дұрыс – вице-министр

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров елімізде нанды рационалды тұтыну үшін оны кесілген түрінде және аз бөліктермен сатқан дұрыс деп есептейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап. Дереккөз: Tengrinews.kz

0

“Нанды кесек-кесек қылып сату деген өте дұрыс. Неліктен нанның қалдықтары қалып қояды? Өйткені, біз тұтас бір бөлкені сатып алып, үйде соның жартысын ғана жеп үлгереміз”, – деді елорданың нан зауыты жөніндегі баспасөз туры барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген ол.

Еске салайық, Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік нанды субсидиялау тоқтатылады. Осының салдарынан ҚР-да қалыпты нанның бағасы бір келі ұнның бағасына дейін, яғни бір бөлкеге 80-90 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Осыған дейін еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстанда табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар әлеуметтік маңызды өнімнің бағасы артқан жағдайда әлеуметтік көмек ала алатынын мәлімдеген болатын. Ведомство өкілдерінің айтуынша, нан бағасы өскен жағдайда “күнкөріс минимумының көлемі өзгереді, бұл атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын арттыруға мүмкіндік береді”.

“Қазіргі таңда елімізде жақсы атаулы әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек көлемі артуы мүмкін. Бұл мәселе қазіргі таңда сараланып жатыр”, – деді Омаров.

Еске сала кетейік, ҚР Мемлекеттік комиссиясы экономиканы жаңғырту мәселелері бойынша 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап нан бағасын реттеуден бас тартып, нан бағасын белгілеудің нарықтық тетіктеріне көшу туралы шешім қабылдады. Азық-түлік тауарларына бағалардың артуын өтеу үшін табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек институтын пайдалану шешімі қабылданды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!