Қазақстандық 3 боксшы ширек финалға өтті

Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу үшін Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан жарыста үш қазақстандық боксшы ширек финалға шықты.

Дереккөз: Азаттық
0
Әділбек Ниязымбетов

52 килограмм салмақта 2015 жылғы Азия чемпионы Олжас Сәттібаев Ролдан Бонкалесті (Филиппин), 64 килограмм салмақта жасөспірімдер арасындағы олимпиада чемпионы Абылайхан Жүсіпов Хун Яун Лиді (Оңтүстік Корея), 81 килограмм салмақта Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов Хегун Янды (Оңтүстік Корея) жеңді. Үш боксшы да қарсыластарынан 3:0 есебімен басым түсті.

Ширек финалда Сәттібаев  оңтүстік кореялық Ин Куммен, Жүсіпов австралиялық Давид Видлимен, Ниязымбетов сириялық  Алаа Гуссунмен кездеседі. Ниязымбетов пен Гуссун былтырғы Азия чемпионатының ширек финалында кездесіп, қазақстандық боксшы жеңіске жеткен.

Қытайдағы іріктеу жарысы 2 сәуір күні аяқталады. Әр салмақ дәрежесіндегі алғашқы үштікке енген боксшылар олимпиадаға жолдама алады.

Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Біржан Жақып, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов және Василий Левит олимпиада жолдамасын иеленген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу