Тасмағамбетов Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерге кенеттен тексеріс жүргізді

Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен 27 наурыз күні түнгі сағат бірде дабыл соғылып, Жамбыл облысындағы әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Иманғали Тасмағамбетов

Аталған әскери шара барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов 03811 (Құлан ауылы), 91678 (Бауыржан Момышұлы ауылы), 85395 (Тараз қаласы) әскери бөлімдерінің және «Теріс-Ашыбұлақ» полигонының жауынгерлік әзірлігі мен қабілеттілігінің деңгейін тексерді. Бұл бөлімшелер белгіленген уақыт мерзімінде «Теріс-Ашыбұлақ» полигонына жиналып, қойылған міндеттерді орындады.
Тасмағамбетов Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерге кенеттен тексеріс жүргізді

Сондай ақ, жылжымалы басқару пункті, байланыс желісі және басқа да құрылымдар орнатылды. 85395 әскери бөлімінде (Тараз қаласы) тексерістің қорытындысы шығарылып, онда бөлімдердің жинақылығы мен ұтқырлығы және олардың белгіленген ара-қашықтықты жедел еңсеру мүмкіндігі тексерілді. Кенеттен болған тексерістің басты мақсаты әскери бөлімдер мен оның құрылымдарының төтенше жағдайлар болған, лаңкестік әрекеттер қаупі төнген кездегі үйлесімді әрекетін бағалау, сулы және таулы аумақтағы тапсырмаларды орындау болып табылады. Тек осындай тексеріс шараларының негізінде жауынгерлік даярлықтың деңгейін, белгіленген аумаққа шоғырланудағы командирлер іс әрекетінің тиімділігін айқындауға болады.

Тасмағамбетов Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерге кенеттен тексеріс жүргізді

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!