Назым Қызайбай бес дүркін әлем чемпионынан жеңіліп қалды

Бокстан Қытайдың Цяньян қаласында өтіп жатқан Рио-де-Жанейро олимпиадасына Азия боксшыларын іріктеу жарысында қазақстандық Назым Қызайбай 1-айналымда бес дүркін әлем чемпионы, Лондон олимпиадасының қола жүлдегері үндістандық Мэри Комнан жеңіліп, жарысты аяқтады. Дереккөз: Азаттық

0
Назым Қызайбай

Алайда 2014 жылғы әлем чемпионы – Назым Қызайбайдың олимпиададан үміті осымен үзілмейді. Енді ол мамырда Астанада өтетін әлем чемпионатында жолдама алуға тырысады.

Ал Қытайдағы іріктеу жарысына қатысып жатқан қазақстандық басқа да боксшылар – Абылайхан Жүсіпов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Дариға Шәкімова (75 кг) және Назым Ишанова (60 кг) алғашқы қарсыластарын жеңіп, 2-кезеңге шықты. Қытайдағы іріктеу жарысы 2 сәуір күні аяқталады. Әр салмақ дәрежесіндегі алғашқы үштікке енген боксшылар олимпиадаға жолдама алады.

Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Біржан Жақып, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов және Василий Левитте олимпиада жолдамасы бар.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!