Қазақ жастары БҰҰ мінберінде адам құқықтары туралы баяндама оқыды

2016 жылы 21 наурыз күні БҰҰ-ның Женева бөлімшесінде адам құқықтарын қорғау бойынша кезекті 31 сессиясы өтті. Онда Вена декларациясы негізінде наркотрафикпен күрес бойынша қол жеткізген нәтижелер талқыланды. Сонымен қатар, адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссардың қатысуымен әрекеттегі бағдарламалар жайлы сөз болды.

1
Данияр Тоқбаев

Аталмыш кеңесте біздің отандасымыз Данияр Тоқбаев қоршаған орта және ресурстарды қорғау жөнінде үкіметтік емес Дүниежүзілік Кеңес ұйым атынан Қазақстан жайлы дайындаған баяндамасын оқыды. Айта кетерлігі, бүгінде отандасымыз Данияр Тоқбаев Женева Бизнес мектебінде ғылым докторы дәрежесі бойынша ізденуші. 2015 жылдың қараша айында «ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті болып тағайындалан. Қазіргі таңда БҰҰ ЭКОСОС аккредитациясына ие түрлі халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тығыз іскерлік байланыста жұмыс істеуде.

«ҚазАльянс» және халықаралық ҒӨБ (НПО) арасындағы іскерлік қарым-қатынас шеңберінде адам құқықтарын қорғау бойынша екіжақты кооперация құруға қол жеткізді. Адам құқықтары қорғалмаған елде технология немесе қаржы салудан кез-келген инвестор бас тартады. Сондықтан БҰҰ Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңес секілді алаңда Қазақстан жайлы баяндама жасау «ҚазАльянс» үшін маңызды сынақ болғаны анық. Осы реткі халықаралық мінберден бой көрсетудің нәтижесі еліміз үшін инвестиция тартуға тікелей септігін тигізгері белгілі.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!