Депутат болған Асылхан Төлепов жұмыссыз жүрген алматылықтардың мәселесін шешпек

Байкер, балуан және жиырмадан енді асқан актер Алматы қаласы мәслихатының депутаттары атанды. Қызметке бүгіннен бастап кіріскен мәслихаттың су жаңа құрамы қаланы көркейту үшін қолдан келгенді жасаймыз деп сендірді.

Дереккөз: КТК арнасы
6
Асылхан Төлепов

Қалалық мәслихаттың алтыншы шақырылымына байкер депутат Дмитрий Петрухин өз кейпінде келді. Жалпы, 37 адамнан тұратын мәслихаттың биылғы құрамы 65 пайызға жаңарған. Олардың арасында байкерден бөлек, Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков және «Жаужүрек мың бала» фильмінде басты кейіпкерді сомдаған Асылхан Төлепов бар. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының 23 жастағы актеры өз ауданының инфрақұрылымын жетілдіруге, сондай-ақ, жас кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырып, жұмыссыздыққа жол бермеуге күш салмақ екен. Ал еркін күрес шебері Ислам Байрамуков аулалар мен мектептердегі спорт секцияларын дамыту мәселесін қолға алмақ.

Ислам Байрамуков, Алматы қаласы мәслихатының депутаты: -Сидней Олимпиадасынан кейін биыл 16 жас болыпты. Оның арасында әлеуметтік, саяси жағдайларға қатысып, қоғамда тәжірибе жинадық осы уақыта дейін.  Қаланың тұрғындарының проблемаларын шешу жұмыстары қосылады. Сондықтан, мен ойлаймын, оған дайынмын. Қолымнан не келеді, бар күшімді салуға әзірмін.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

6 пікір

  1. Дұрыс болған ! Әттең Заманбек Ағамыз тірі болса Алматыда қазақ үйсіз, жұмыссыз қалмас еді, ал Асылxан бауырымыздың осы сөзі жерде қалмай орындалса нұр үстіне нұр болар еді тек сәттілік Алла жұмысыңа жеңілдік беріп xайырлы етсін.

  2. Көрейік програмасы барма екен Наурызбай ауданынан тусти деген.енди истеген жумысына есеп берсегой. Сайлаушыларымен кездесип турса.жумысын әлеуметтік желиде корсетип отырса халықпен Б.Байбек сиакты алеуметтик желиде арыз.отинишин карап шешип отырса дұрыс болар еди

  3. Жас корингенимен ой ориси улкен шыгар бари анау мынау деп сенимсиздик билдирип отыр, оданда сенейк сонда бари жаксы болады. Жас болсада танымалдылыгы оте жогары менинше оз исинин шебери жаксы депутат шыгады. Кутты болсын.

  4. Абай атамыздың бір өлеңі бар еді;Болыс болдым мінекей, бар малымды шығындап. Тапқан пайдам кәнекей? Мықтыларым сөз айтса, бас изеймін шыбындап….

  5. Бұл алі балағой не шешпек. Қандай өмір көре қойды екен соншама. Киносына ойнаааап жүре бермима. Саясатты басы қағадымекен. Қазақстан үкіметі жынданды.

Пікір қосу