Атыраулық кәсіпкер өз ауылдастарына 87 млн теңгеге спорт кешенін салып берді

Жылыой ауданы Шоқпартоғай ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Бақытжан ДОСТАНОВ (суретте) осы ауылдағы өзі оқыған №3 орта мектепке «Ырыс» спорт кешенін сыйға тартты. Дереккөз: Ақжайық

1
Бақытжан Достанов

Спорт кешенінің құрылысына ол өз қаржысы есебінен 87 млн теңге жұмсады. Жалпы алаңы – 807 шаршы метр. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған душ, киім ауыстыруға арналған шкафтар, медициналық пункт жұмыс жасайды. Спортпен шұғылдану үшін тренажер құралдары, стол теннисі, баскетбол, волейбол ойындарына арналған залдарбар. Құрал-жабдықтарды шетелден жеткізді.

– Кешенді өзімізді бағып өсіріп, тәлім-тәрбиесін берген марқұм, асыл әжем Ырыс атымен атауды ұйғардым. Бүгінде кешен өз жұмысын бастап кетті. Балалар дән риза, – дейді кәсіпкер Достанов.

Алдағы уақытта ол енді мәдениет үйін тұрғызып, ауылды көгалдандыруды жоспарлап отыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

1 пікір

Пікір қосу