Қостанай облысында қазақы дәстүрді берік ұстанатын ең әдемі келіншек тұрады

Арқалықта осындай атаумен жыл сайын қазақ халқының әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанған, ибалы келінді дәріптеу мақсатында келіншектер байқауын өткізу дәстүрге айналған. Дереккөз: Қостанай таңы

4
қазақы дәстүрді берік ұстанатын ең әдемі келіншек
kostanaytany.kz

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет сарайы бірлесіп өткізген тағылымды шарада қатысушылар “Мен бақытты әйелмін” — өзін өзі таныстыру, “Дәстүрді білесің бе?” — интелектуалдық сайыс, “Өнерім асыл қазынам” — өз отбасымен өнер көрсету, “Мерекелік тәтті” — аспаздық шеберлік, “Бесік жыры” — әдет — ғұрпты сипаттау, орындау, “Әдемі-ау” — кешкі киім үлгісі.  Міне, жас келіндер осындай байқау шарттары бойынша сынға түсті.

Қойылған талаптар: үміткердің отбасылы, балалы болуы, жас ерекшеліктері 20-37 жас аралығында, жұмысбасты болуы қажет.

Келіншек

Байқауға қала мен қатар қалаға қарасты ауылдардан барлығы 8 келіншек қатысты. Қорытындысында ІІІ орынды Родина ауылынан Гүлнар Баяхметова (4 баланың анасы), ІІ орынды КЮЭС қызметкері Ғафура Досова (5 баланың анасы), І орынды Үштөбе ауылынан Гүлзат Нүрпейісова (3 баланың анасы) иеленді.Бас жүлдені Торғай агро-техникалық колледжінің жас ұстазы, Кәки келіні Айым Жарасқан (1 баланың анасы) жеңіп алды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

4 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!