WBC Головкиннің Олимпиадаға қатысуына рұқсат берген жоқ

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) аталған ұйым боксшыларына Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салды. Бұл туралы vringe.com сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. Дереккөз: NUR.KZ

0
Геннадий Головкин
allboxing.ru

(WBC) тұжырымы бойынша үздік 15 боксшы қатарында тұрған боксшылар Олимпиадаға қатыса алмайды.

“WBC  кәсіби деңгейдегі боксшылардың бірде бірі Олимпиадаға қатыспайды деп үміттенеміз. Өйткені, бұл өте қауіпті. Бұл мәселе толығымен шешімін тауып, жарыс форматы қауіпсіз деп танылмайынша WBC ТОП-15 қатарындағы боксшыларға Риодағы Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салады”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (АІВА) 2016 жылғы Олимпиада ойындарына кәсіби боксшылардың да қатыса алатынын жариялаған болатын.

WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы мексикалық Сауль Альваресте. Қазақстандық Геннадий Головкин WBC Interim атағының иегері.

Головкиннің өзі болса, кәсіби боксшылардың Олимпиадаға қатысуына қандай да бір пікір білдірген жоқ. Естеріңізде болса, Геннадий Головкин 2004 жылғы Афины Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!