Байқоңырдан “Союз” тасымалдаушы зымыраны ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан жерді алыстан бақылайтын "Ресурс-П" спутнигі бар "Союз" тасымалдаушы зымыраны ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дереккөз: Tengrinews.kz

0
Байқоңыр Союз зымыран
Tengrinews.kz

Зымыран Астана уақыты бойынша 14 наурыз күні сағат 00.56-да ұшырылды. “Тасылмалдаушы зымыранның қозғалтқыш құрылғылары штат режимінде жұмыс істеп, 9 минут 21 секундтан кейін аралық орбитада ғарыш аппараты тасымалдаушы зымыранның “Союз-2.1б” деп аталатын үшінші сатысынан бөлінді. Ұшуды басқару орталығы аппараттың ұшуын басқаруға кірісіп кетті”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, “Союз” тасымалдаушы зымыраны 12 наурызда ұшырылу керек болған. Дегенмен автоматты ұшыру жүйесінде ақаулар пайда болып, зымыранды ұшыру кейінге қалдырылды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!