Данияр Елеусінов Еуропада өткен Gee-Bee турнирінде жеңімпаз атанды

Хельсинки қаласында Еуропаның ең күшті боксшылары қатысқан GeeBee турниріне қазақстандық боксшылар да қатысып, соның ішінде Данияр Елеусінов пен Василий Левит чемпион атанды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
0
Daniyar Yeleussinov Данияр Елеусінов
Көрнекі сурет

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамиттің хабарлауынша, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов әуелі швед Оливер Флодин, сосын француз Сулейман Чисоконы 3:0 есебімен ұтты. Финалда Еуропа чемпионы, литвалық Эймантис Станионисті 2:1 есебімен тізе бүктірген Данияр өзінің 25-ке толған туған күнінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Василий Левит те алғашқы екі кездесуін Уэльс елінің өкілі Коди Дэвис пен фин Тони Хонканы 3:0 есебімен жеңді. Финалда ирландық Даррен О’Нил жарақатына байланысты рингке шығудан бас тартты.

Осы жарысқа олимпиада лицензиясын иеленген Біржан Жақыпов пен Берік Әбдрахманов та қатысқан болатын, бірақ олар сәтті өнер көрсете алған жоқ. Бұл турнир, бір жағынан, олимпиада жолдамасын еншілеген қазақстандық боксшылар үшін жылдың басты жарысына дайындық есебінде болды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу