«Ордабасы» өз алаңында «Ақтөбеден» басым түсті

Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 1-туры шеңберінде үш ойын ойналды. Жанкүйерлердің назарын аударған кездесу Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен «Ақтөбе» арасында өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Дереккөз: Егемен
0
Ордабасы Ақтөбе

«Ордабасы» (Шымкент) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) 3:1

Голдар: Азат Нұрғалиев (пенальти) 34, 54, Эдин Юнузович 45 – Бобир Давлатов 68.

Ойын аса тартысты өтті. Өз жанкүйерлері алдында барын салған алаң иелері 34-минутта пенальтиден есеп ашты. Он бір метрлікті дәл орындаған Азат Нұрғалиев «Ордабасының» биылғы маусымдағы алғашқы голын соқты. Шабуыл қарқынын күшейткен шымкенттіктер үзіліске санаулы секундтар қалғанда тағы бір гол соғып, есепті еселеді. Бұл жолы Эдин Юнузовичтің мерейі үстем болды.

Екінші таймда да «Ордабасы» ойыншылары жүйелі ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде, 54-минутта Азат Нұрғалиев дубльдің авторы атанды. Ал маусым сайын чемпиондықтан үміткерлер қатарында болатын «Ақтөбе» бұл жолы жалғыз голмен ғана қарымта қайтара білді. Атап айтқанда, 68-минутта Бобир Давлатов мергендігімен көзге түсті.

Ал қалған екі ойынның нәтижесі төмендегідей

«Ертіс» (Павлодар) – «Оқжетпес» (Көкшетау) 1:0

Гол: Сергей Малый 41.

«Тобыл» (Қостанай) – «Ақжайық» (Орал) 1:0

Гол: Константин Дудченко 69.

Премьер-лиганың 2-туры ойындары 19-20 наурыз күндері ойналады. Ол кезде мына командалар кездеседі.

19 наурыз

«Атырау» (Атырау) – «Тобыл» (Қостанай)

«Ақжайық» (Орал) – «Ертіс» (Павлодар)

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Қайрат» (Алматы)

«Тараз» (Тараз) – «Ақтөбе» (Ақтөбе)

20 наурыз

«Ордабасы» (Шымкент) – «Астана» (Астана)

«Шахтер» (Қарағанды) – «Жетісу» (Талдықорған).

Еламан Қоңыр.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу