Денис Тен жарақатына қарамастан, жарысты қалай өткізгенін айтты

Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочидегі Олимпиада жүлдегері Денис Тен әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен ауырып тұрғанына қарамастан, халықаралық жарысқа қалай қатысқаны жайлы бөлісті.

Дереккөз: ҚазАқпарат
2
Денис Тен

«Неге қатты ауырып тұр?» — деп ойладым да таңертең мұздан шығып кеттім. Киім шешетін орынға ақсаңдап әрең жеттім.

— Кешке жарысқа қалай шығасың?
— Бірдеңе қылармын.
Сөйтіп  Люксембургке келдім. Жарысқа шықтым. Қысқа бағдарламадан кейін алға шықтым.  Ерікті жарысқа шығасың ба деп сұрады.
— Иә.
— Қалай? — деп уайымдады анам.

— Бәрі жақсы болады», — деп жазды Денис әлеуметтік желіге.

Атап айтсақ, қазіргі  уақытта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Люксембургте Сoupe du Рrintemps турниріне қатысуда. Қысқа бағдарламадан кейін Денис 86.95 балл алып,  бірінші орынға шықты.

Спортшы АҚШ-та Бостонда 28 наурыз — 3 сәуір аралығында өтетін әлем чемпионатының алдында жаңа бағдарламасын пысықтауда.

Еске салсақ, Денис жарақаты салдарынан  ақпанда төрт құрылық чемпионатына қатыса алмады.  Бұдан бұрын ол өз жанкүйерлерін денсаулығына алаңдап, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Бостонда әлем біріншілігінде Қазақстан атынан міндетті түрде шығуға уәде берген.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

2 пікір

  1. Өзі қазақ болмаса да жүрегі қазақ деп соғатын жігіт. Тіл көзден сақтасын сені Денис брат.

Пікір қосу