Данияр Елеусінов пен Левит Финляндиядағы турнирді сәтті бастады

Хельсинкиде 35-ші халықаралық GeeBee бокс турнирі өтуде. Оған 17 елден 83 боксшы қатысуда, соның ішінде Қазақстаннан Біржан Жақыпов, Данияр Елеусінов, Берік Әбдірахманов және Василий Левит бар. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Данияр Елеусінов

Алдын ала ұрыстарда Біржан Жақыпов британдық спортшыдан, ал Берік Әбдірахманов – норвегиялық боксшыдан жеңіліп қалды.

Василий Левит пен Данияр Елеусінов GeeBee турнирінің финалына сеніммен жылжып келеді. Елеусінов шведпен жекпе-жекте, ал Левит – Уэльс боксшысын жеңді, деп хабарлады Қазақстандық бокс федерациясы.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!