Қазақстан дизайнерлері Наурыз мейрамына арнап эмодзилер салды

Қазақстандық дизайнерлер Наурызға орай мерекелік эмодзилер бейнеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Дереккөз: Tengrinews.kz

0
Наурыз эмодзи

Бешбармақ, киіз үй, бауырсақ, көрпе мен домбыраны бейнелейтін эмодзилер Rocket Firm студиясының Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

Студия директоры Олег Качалиннің айтуынша, бұл картиналар қазақ стиліндегі эмодзилердің бір бөлігі ғана.

“Біз сәуірдің ортасына дейін iOS және басқа да платформаларға арнап пернетақта немесе Telegram-ға арналған стикер түріндегі эмодзилер жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз. Дегенмен мейрам алдында мерекелік көңіл-күй сыйлайтын осындай иллюстрациялардың бір бөлігін жариялауды жөн көрдік”, – деді Олег Качалин.

Айта кетейік, иллюстрациялардың арасында күннен қорғайтын көзілдірік киген әнші де бар.

“Бұл әншінің символы. Мұртты шенеунік те бар. Бұл жағдайда ол мерекелік шараға шақырылып, ортаға отырғызылған құрметті адам”, – деді студия директоры.

Эмодзи – электрондық хабарламалар мен веб-парақшаларда қолданылатын идеограммалар мен смайликтер. Мұндай картиналар ең алғаш рет Жапонияда шығарылып, кейін әлемге таралды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!