Қазақстандық Алексей Луценко «Париж – Ницца» көпкүндігінде жеңімпаз атанды

«Астана» командасының мүшесі Алексей Луценко «Париж - Ницца» көпкүндігінде бесінші кезеңнің жеңімпазы атанды. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Париж - Ницца

Бесінші кезеңде спортшылар 198 шақырымды жүріп өтті. Мәреге 28 шақырым қалғанда, алда кетіп бара жатқан Антуан Дюшенді қуып жеткен А.Луценко содан кейін ешкімге дес бермей, мәре сызығын жекедара қиды.

«Париж – Ницца» көпкүндігінде жалпы есепте қазақстандық велоспортшы екінші орында келеді.

Жиырма үш жастағы А.Луценко Солтүстік Қазақстан облысында туып-өскен. 2013 жылы 23 жасқа дейінгілер арасында топтық бәсекеде әлем чемпионы атанған. Сол жылы «Астана» командасының құрамына алынған Алексей сондай-ақ Азиада чемпионы атанып, екі мәрте «Алматы туры» жарысын ұтқан.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Бақытбек Хамиттің хабарлауынша, бұл – А.Луценконың әзірге ең жарқын жеңісі. Ол Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!