Хоккейші Дамир Рыспаев әскерге шақырту алды

Елордалық «Барыс» клубының хоккейшісі, Құрылықтық хоккей лигасында тафгай ретінде танымал Дамир Рыспаев әскери қызмет өткеруге кетуі мүмкін. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Дамир Рыспаев

Хоккейшінің ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет өткеруге шақырту алғаны туралы ақпаратты «Барыс» ХК баспасөз қызметі растады.

«Бар айтарымыз осы.  Себебі әрі қарай не болатыны шешілмеді. Шақырту құжатына қол қойылған жоқ, сондықтан ештеңе айта алмаймыз», – деді клуб баспасөз хатшысы Олег Журкевич.

Қазіргі уақытта «Барыс» қорғаушысы Дамир 2016 жылы қаңтарда ауысқан «Номад» клубында ойнап жүр. Бұдан бұрын оны Спорттық тәртіп комитеті  өткен маусымда матч кезінде бірнеше рет жанжал шығарғаны үшін бес ойынға қатысу құқығынан айырған.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!