Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне енді

Алматы әлемдегі ең арзан қалалар тізіміне енді. Ал үшінші жыл қатарынан Сингапур мекендеу үшін әлемдегі ең қымбат қала болып танылды. Бұл туралы рейтингті дайындап-жариялаған Economist Intelligence Unit (EIU) британиялық ғылыми-зерттеу орталығы хабарлады деп жазады Қазақпарат. Дереккөз: ҚазАқпарат

0
Almaty Алматы сурет

Екінші орында – Цюрих (Швейцария), ал үшінші орында – Гонконг (Сянган).

Алғашқы ондыққа Женева (Швейцария), Париж (Франция), Лондон (Ұлыбритания), Нью-Йорк (АҚШ), Копенгаген (Дания), Сеул (Корея Республикасы) және Лос-Анджелес (АҚШ) кірді.

Ең арзан мегаполистердің ішінде Замбия астанасы Лусака, сонымен қатар үнділік Бангалор мен Мумбаи бар. Бұл ондыққа сонымен қатар: Алматы (Қазақстан), Алжир (Алжир), Ченнаи (Үндістан), Карачи (Пәкістан), Нью-Дели (Үндістан), Дамаск (Сирия) және Каракас (Венесуэла) кірді.

Бұл рейтингтерді құрастырғанда сарапшылар 160 тауар мен қызметтің бағасын ескереді, деп жазады rosbalt.ru.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!