Қазақстан арнайы қызметтердің әріптестігі туралы хаттаманы мақұлдады

Қазақстан парламенті ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің ақпараттық ортада ықпалдасу туралы хаттамасын мақұлдады.

0
Қазақстан арнайы қызмет

Сенат құжатты бүгінгі пленарлық отырысында қуаттаған. Сенаттың халықаралық қатынастар жөніндлегі комитетінің ұйғарымында хаттаманың ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және ҰҚШҰ мүше елдердің арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдарының әріптестігінің құқықтық негізін қалыптастыратыны туралы жазылған.

Хаттаманың ережелеріне сәйкес, тараптар ақпараттық кеңістікті қорғау үшін әріптестік орнатуға міндетті. Сонымен бірге хаттама ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған және ұлттық заңнамалар бойынша конституциялық құрылымды өзгертуге бағытталған, мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар бойынша біріккен іс-әрекет жасауды да қарастырады. Атап айтқанда, құзырлы органдар ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар бойынша ақпарат алмасып, біріккен іс-шаралар мен операцияларды бірлесіп жоспарлау және өткізу, анықтау мен күдіктілерді ұстау және ондай қылмыстың алдын алу бойынша ынтымақтасуы тиіс.

ҰҚШҰ құрамына Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения кіреді.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу