Тұңғыш киномеханик қазақ қызы — Рәпия Халықова

Рәпия Халықованың өжеттігі жас ұрпаққа әрқашанда үлгі-өнеге. Көктемнің шуағын шашқан алғашқы мерекесі күні жасы 80-ге толған Рәпия апа Халықова соғыстан кейінгі ауыр тұрмыс-тіршілікті басынан өткізген буын­ның өкілі саналады - деп хабарлайды Егемен.

Дереккөз: Егемен
0
Рәпия Халықова

Жас қызды құрбыларынан оқшаулаған бір ғана ерекшелік – ол бала кезден кинематография саласында еңбек етуді көздеген екен…

Рәпия Халықова жүрегі қала­ған, көңіліне жаққан бұл кәсібі үшін 36 жыл өмірін арнады.

– Ол кездегі Отанымыз менің адал еңбегімді бағалады, кеудеме «Құрмет белгісі» мен «Октябрь революциясы» ордендерін тақты,– дейді Рәпиа апай өткен күндерді сағына еске алып.

Оның бер жағында Рәпия қыз кезінде халық ақыны Кенен Әзір­баевтан бата алған. Мәскеудің Кремль сарайында өткен съездер мен кон­ференцияларда сөз сөйлеген. Тіпті, сол кездегі КСРО Мәдениет министрі Е.Фурцеваның өзі қазақтан шыққан тұңғыш киномеханик қыздың қолын қысып, алғысын білдіріпті.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу