Теңге әлемдегі ең әдемі ақша атанды

Британдық «The Telegraph» газеті дүние жүзіндегі дизайны көз тартатын 15 ұлттық валютаны топтастырыпты. Сол үздіктердің арасында біздің теңге де бар. Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлайды.

Дереккөз: КТК арнасы
0
10 мың теңге ақша
prostofinansy.com

Осылайша, жыл басында құнсыз валюталардың қатарынан көрінген төл теңгеміз небары үш айдың ішінде қайта күшейіп, тіпті тұрақты, көрнекті ақшалардың тізіміне еніпті. Шетелдік сарапшыларға, әсіресе 2003 жылы шыққан 10 мың теңгенің үлгісі ұнаған . Онда тау бөктері мен барыс бейнеленген. Екінші орында оңтүстікафрикалық рэнд, үшінші орында жаңазеландиялық доллар тұр.

Айта кету керек, Халықаралық банкнот қауымдастығы осыдан екі жыл бұрын да мың теңгенің дизайынын жоғары бағалап, әлемдегі ең әдемі ақша деп таныған болатын.

Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікір қосу

Пікір қосу